Ұлытау облысында 9 қаңтарда жоғалып кеткен екі шопан табылды

Ұлытау облысында 9 қаңтарда жоғалып кеткен екі шопан табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті тұрғындар мен полиция кеше, 9 қаңтарда сағат 22:53-тен бастап Ұлытау ауданы Сарлық ауылынан 25 шақырым қашықтықта таңертең мал жаюға шығып оралмаған екі шопанды іздестірді.

10 қаңтар түнгі сағат 01:43-те жоғалып кеткендер Сарыбұлақ қыстағынан 5 шақырым радиуста табылды.

Медициналық көмек қажет болған жоқ.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз