Ұлытау облысында заңсыз қызмет ұсынып, азаматтарды алдаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тергеу мәліметіне сәйкес Сәтбаев қаласының тұрғыны интернет пен әлеуметтік желілер арқылы азаматтарға жүргізуші куәлігін алуға көмектесетінін айтып, өз қызметін ұсынған.
Алайда ақшаны алғаннан кейін жәбірленушілермен байланысты үзген. Қазір бұл іс бойынша 20-ға жуық жәбірленуші анықталған.
"Бұл жайтқа қатысты соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Полиция азаматтарға Қазақстанда жүргізуші куәлігін тек заңда белгіленген тәртіппен алуға болатынын еске салды. Ол үшін арнайы оқу курсынан өтіп, емтихандарды сәтті тапсырып, құжаттарды халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы рәсімдеу қажет.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз