- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұлытау облысында 16...
Ұлытау облысында 16 шетелдік елден мәжбүрлеп шығарылды
Ұлытау облысы ПД қызметкерлері рейдтік іс-шара барысында облыс аумағында 16 шетел азаматы еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғанын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыс аумағында заңсыз жұмыс жасаған шетелдіктер ішінде Өзбекстан Республикасының жеті азаматы және Тәжікстан Республикасының тоғыз азаматы болған.
"Бұл шетелдіктердің Сәтбаевта тиісті рұқсатсыз және құжатсыз болғаны және жұмыс істегені анықталды. Шетелдіктер ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзып, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот қаулысымен шығарылған талапты орындамай, Сәтбаев қаласында заңсыз жұмыс істеген. Одан бөлек Тәжікстан Республикасының екі азаматы Алматы соты шығарған қаулының талаптарын орындамай, жауапкершіліктен жалтарғаны анықталды", - делінген хабарламада.
Шетелдік азаматтарды заңсыз еңбек қызметіне тартқан жұмыс берушілер де заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылдған. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында барлық шетел азаматтары ел аумағынан мәжбүрлеп шығарылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Шәріпхан