- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ұлыңның жағдайы ауыр"....
"Ұлыңның жағдайы ауыр". Зейнеткерді алдаған алаяқтар ақшаны басқа адамның шотына жіберткізген
Алаяқтар ақмолалық әйелді алдап, саннан шатасып, ақшаны Алматы тұрғынына жіберткізген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
Көкшетау қаласының 63 жастағы тұрғыны 19 қарашада полицияға алаяқтық бойынша арыз берді. Оынң айтуынша, бірнеше сағат бұрын телефонына, содан кейін WhatsApp қосымшасы арқылы өздерін полиция қызметкерлерімін деп таныстырған белгісіз адамдардан екі қоңырау түскен.
Алаяқтар өтініш берушінің ұлы жаяу жүргіншіні құлатып, жол-көлік оқиғасы орын алғанын хабарлады. Зейнеткерді ұлының қабырғалары сынған, ал жәбірленуші ауыр жағдайда деп қорқытқан. Осы жағдайдан шығу мақсатында алаяқтар жәбірленуші тараптың атынан 300 000 теңге сұраған. Қорыққан қала тұрғыны қоңырау шалушыларға мұндай сома жоқ екенін, бірақ 200 000 теңге бар екенін айтқан. Қолындағы бар сомаға келісіп, алаяқтар әйелге ақша жіберу керек абоненттік нөмірді көрсеткен. Бірақ олар қателесіп, соңғы екі санды дұрыс айтпаған.
63 жастағы зейнеткер терминал арқылы ақша аударғаннан соң, ол ұлына хабарласып, жағдайын білген. Осы оқиға бойынша полицияға жүгініп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізгеннен кейін қызметкерлер ақшаның Алматының 31 жастағы тұрғынға жіберілгенін анықтады. Ол барлық жағдайды түсіндіргеннен кейін ақшаны заңды иесіне қайтарып берді.
Полиция азаматтардан сақ болуды және ешбір жағдайда жеке қаражатты үшінші тұлғалардың шоттарына немесе абоненттік нөмірлеріне аудармауды сұрайды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы