Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендерге медициналық көмек көрсеткен қазақстандық дәрігер құтқару жұмыстары жайлы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Алмагүл Алдабекова 39 жаста, ол көпбалалы ана. Ол Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) Қарағанды облысы бойынша Апаттар медицинасы орталығының филиалында дәрігер болып жұмыс істейді. Оның төтенше жағдайлар қызметіндегі жалпы тәжірибесі - 15 жыл. Алмагүл Tengrinews.kz тілшісімен әңгімелесіп, Түркиядағы құтқару жұмыстары жайлы айтып берді.
"Біз түнгі бірде ұшып, Астанаға жеттік, содан соң Газиантепке жол тарттық. Кейін бізді Нұрдағы қаласына жіберді. Келген күні құтқару жасағы шатырлар қойды. Сол жерге орналастырылғаннан кейін объектіге қарай шықтық, бірінші күні тәулік бойы жұмыс істедік, кейін ауысым кестесімен бардық", - деді ол.
Дәрігердің айтуынша, 10 дәрігерден құралған құтқару операциясымен олар Түркияда 12 күн болып, күніне 16 сағаттан жұмыс істеген.
"Қайта-қайта жерасты дүмпулері болды, сондықтан жақын маңдағы ғимараттардың қирау қаупі болды. Бірақ біздегі үйлесімді жұмыс пен тәжірибелі мамандардың арқасында бәрі қауіпсіз өтті. Біз осының барлығынан қауіпсіз қашықтықта болдық", - деді Алмагүл.
Дәрігер балаларын жоқтаған аналарды қорқынышпен еске алды. Оның айтуынша, ең қиыны – ананың мұңын көру.
"Анасының ұлын жоқтап жатқанын көру жанымды ауыртты. Ұлы үлкен, анасы қартайған. Әрине, қиын болды. Балалар көшеде аналарының қасында жатты, адамдардың ары қарай не істерін білмей жатқанын көру өте қиын. Адамдар баспанасыз қалып жатыр, жақындарынан айырылып жатыр. Бұл өте ауыр жағдай.
Ең қиыны - адамдардың жақындарынан айырылып жатқанын, ана қайғысын көру. Мысалы, туысқан ағасы қарындасына келіп, күтіп жүрді, соңына дейін сенді. Бірақ, өкінішке қарай, қарындасы отбасымен бірге қайтыс болған. Ол қатты қайғырды, ол қарындасы шақырған кездері, қасында бола алмағанына өкінді", - деп бөлісті Алмагүл.
Дәрігер не үшін осындай қиын мамандықты таңдағанын айтты.
"Бұл қиын, бірақ қажет сала. Мен бұл мамандықты бала кезімнен армандадым, мен әрқашан адамдарға көмектескім келді. Сондықтан жедел жәрдем бөлімінде көптеген лауазымдарда жұмыс істегеннен кейін, Апаттар медицинасы орталығына ауыстым. Бұл менің жаныма жақын. Өзіңізге ұнайтын іспен айналыссаңыз, жұмыс істегендей болмайсыз. Менде солай. Мен өз жұмысымнан ләззат аламын. Қандай жағдай болмасын дайындалып, міндетімді атқаруға баратынымды білемін", - дейді дәрігер.
Түркиядағы іздеу-құтқару жұмыстарына Астана, Ақмола, Алматы және Қарағанды облыстарынан Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері қатысты. Бұл құтқарушылар тобы 19 ақпанда Астанаға ұшып келді.