Ұлын әуежайға жұмысқа тұрғызбақ болған шымкенттеік алаяққа ұрынды

Шымкент тұрғыны ұлын әуежайға "жұмысқа орналастырамын" деп сан соғып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияға жүгінген жәбірленуші әйелдің айтуынша, бейтаныс ер адам өзінің "байланыстары" арқылы оның ұлын қалалық әуежайдың қауіпсіздік бөліміне жұмысқа орналастыруға уәде берген. Ол осы қызметі үшін 2,5 миллион теңге алып, ізін суытқан.

Аталған жайт бойынша дереу Қылмыстық кодекстің 190-бабымен тергеу амалдары басталған. 41 жастағы күдіктіні анықталып, полиция басқармасына жеткізілген.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі таңда тәртіп сақшылары барлық айғақты жинап, қылмыстық істі айыптау актісімен сотқа жолдады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!