Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева "Ұйқым келмейді" бағдарламасына ұлының үйленуіне қарсы екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, әншінің баласына үйленуге әлі ерте.
"Қазір жасым 50-ден асты, мұндай жасқа келіп үйленемін деп айту әбестік. 22 жастағы ұлым бар, мен қазір немере қарайтын жастамын. Өз басым дәл қазір баламның үйленгеніне қарсымын, ол әлі жас. Мен оған "өмірді көр, өмірден ләззат ал, әлемді шарла, ақылың толыққаннан кейін үйленсең болады" деп айтамын. Сондықтан мен кейбір әріптестерім секілді тұрмысқа шығамын деп айта алмаймын. Тұрмысқа шыққан күннің өзінде ол менің жеке шаруам деп ойлаймын. Бірақ мен ақ көйлек кимеймін, "бір тойда екі жар болмайды" дейді ғой, менің жасым оған сәйкес келмейді. Әр адам өз жасына сай іс-әрекет жасауы керек. Маған көп адам жасымнан жас көрінетінімді айтады, бірақ менің жан дүнием 52 жаста. "Жүрек қартаймайды, махаббат жасқа қарамайды" деген әңгімелерді қате деп білемін. Іс жүзінде адам қанша жаста болса, оның жан дүниесі деп сонша жаста болады. Ал "мен әлі өзімді жас сезінемін" дейтіндер қателеседі деп ойлаймын", - дейді әнші.
Эстрада жұлдызы жеке өмірі туралы да айтты.
"Мен жалғыз емеспін, бұл өмірде мені сүйетін, аялайтын, ұрыссам да, еркелесем де мені кешіретін азамат бар. Ол кісінің жасы менен едәуір үлкен. Қазақта "тең теңімен, тезек қабымен" деген сөз бар, мен де осы сөзбен келісемін. Ұлым да осылай ойлайды", - деді Меруерт Түсіпбаева.
Айта кетейік, бұған дейін Меруерт Түсіпбаева бұрынғы күйеуі жайлы айтқан еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Шыңғыс хан Моңғол мемлекетін қалай құрды?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз