- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұлымның ұрығы ма?...
Ұлымның ұрығы ма? 80 жастағы кейуана немересіне күмәнданды
Түркістан облысының 78 жастағы тұрғыны немересі баласынан емес екенін айтып, дау шығарды. Бұл мәселе "Астарлы ақиқат" бағдарламасында көтерілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бағдарлама мәліметінше, 78 жастағы Күлдәрі Жоланова - Түркістан облысы Рабат ауылының тұрғыны. Оның екі ұл, бір қызы бар. Қасымхан Жолан атты баласы 1973 жылы туған. Ол 2015 жылы үшінші рет үйленген. Қасымханның анасының сөзінше, келініне құда түсіп, сырға салып алып келген.
"10 күннің арасында "балаңның күші жоқ" деді. "Шық үйден онда" дедім. Келіннің есімі - Жайна. Қыз туды. Мүгедектігі барын білді. Балам "бала менікі емес" дейді. Өзі ауру", - деді Күлдәрі Жоланова бағдарлама барысында.
2000 жылы Қасымхан Жолан түрмеге түскен. Анасы осы жағдайдан кейін баласының ауру болғанын айтады. Ол бес жылдан кейін босап шыққан. Осылайша, 2014 жылы үшінші рет үйленген.
"Кемпір іші бауырыма кіріп, мені ұнатты. Ана үйді көргенде, аяғым тартпады, кетіп қалғым келді. Ондай жерде өмір сүрмегенмін. Бар жерде өскен қызбын. Амал жоғынан кірдім. Үйге кіргеннен қорқып кеттім. Келін түсірді деп ешкім айтпайды. Тазалығы жоқ. Бір аптадан кейін ауруы (күйеуінің - еск.) қоза бастады. Мені көреді де аузына келгенін айтады. Қорыққанымнан шешесіне қарай қашатынмын", - дейді Қасымханның үшінші жары Жайна Абуова.
Жайна Абуова 35 жасқа келіп тұрмысқа шыққан. Ол алғашында жұбайының ауру барын да білмегенін айтады.
"Бұрын тұрмыста болған жоқпын. Білген жоқпын (күйеуінің ауруы бар екенін - еск.). Қызымның атымен ант етейін, білген жоқпын. Зульфия деген жеңгем таныстырды. Тұрмысқа шыққаннан кейін баласымен болдық (жыныстық қатынаста - еск.). Қалай пайда болады бала? 2 айдай отырдым", - дейді ол.
Қасымханның сөзінше, Жайна өзін алдаған.
"Зульфия айтқаннан кейін Жайнамен кафеде кездестік. "Тиесің бе" дедім. "Тием" деді. "Қызсың ба?" дедім. "Қызбын" деді. "Ұят болып қалмай ма?" дедім. "Жоқ" деді. Алдады", - дейді ол.
Осылайша, күйеуінің түрмеге жатқанын, үшінші әйелі болып келгенін білмеген Жайна 35 жасында бағын таптым деп ойлаған екен.
Бағдарлама барысында ДНҚ сараптамасы да жасалған. Кейін биологиялық туыстық ықтималдығы 99 пайыз екені анықталып, қыздың әкесі Қасымхан екені дәлелденген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz