- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ұлымның ән айтуға...
"Ұлымның ән айтуға қызығушылығы бар". Заттыбек Көпбосынұлы өзін "жұмсақ әке" деп атады
Әнші, сазгер Заттыбек Көпбосынұлы "1001 түн" бағдарламасына берген сұхбатында өзінің қандай әке екеніне тоқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің сөзінше, баламен бала болып ойнап, олардың ішкі дүниесіне үңіліп, қажетін сезе алады.
"Өзімді жұмсақ әке деп айтсам қатты емес шығар. Баламен бала болып ойнай аламын, олардың ішкі дүниесіне үңіле аламын, қажетін сезе аламын, сондықтан өзімді жаман әке емес шығармын деп ойлаймын. Ұлым ақылды ерке, ол қазір еркелік жарасатын уақытта, жаста.
Есімін қызым қойды, біз негізі Әлихан деп қоямыз деп жоспарлап жүргенбіз. Ән айтады, қызығушылығы бар, бірақ енді білмеймін, болашақта бұл жолды таңдай ма жоқ па өзі біледі. Әйтеуір қазір қызығып, ұнатқан әнін тез жаттап алады. Әлі кішкентай, биыл ән кешіме шығармаймын, бірақ жоспарда бар", - деді әнші.
Айта кетейік, бұған дейін Заттыбек Көпбосынұлы ерекше төсбелгімен марапатталғаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Пияздың қандай пайдасы бар?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә