Отбасында бес қыздың бірі болып бойжеткен әнші Индира Елемес ұл тууды Құдайдан сұрап алғанын айтып, сырын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші бұл туралы "Мамский әңгіме" подкасында Айнұр Ілиясоваға берген сұқбатында айтып берді.
"Ұлымды Құдайдан сұрап алдым депсің, өздерің үйде бес қызсыңдар. Бұл өмірге ұл әкелген кезде қандай сезімде болдың?", - деп сұрады бағдарлама жүргізушісі әншіден.
"Мен жүкті болғанда ұл болатынын бірден білдім. Бәріне солай айттым. Анама да хабарласып: "Мама, менде ұл болатын секілді" дедім. Ол болса, "Қой, сен өйтіп алдын ала айтпа. Ертең узиде қыз деп айтса, бекер көңіл-күйің түсіп қалады" деді. Мен де қоймаймын: "100 пайыз сенімдімін, ұл болады" дедім. "Жақсы, әумин, солай-ақ болсын" деді анам. Сол кезде нағашы әпкем ауырып жатқан болатын. Жақсы жаңалықты естіген бойда "Индира өмірге ұл әкеледі" депті. Іштегі сәби үш айлық болғанда сол әпкем өмірден өтті", - деді әнші өткен күндерін еске алып.
Индира Елеместің айтуынша, оның болжамы тура келген. Узиге түсуге барғанда дәрігерлер баласының ұл болатынын айтыпты.
"Кейін узиге түскенде онша таңғалмадым, "Иә, ұл екенін сездім. Аман-есен босанып алсам болды" деп тіледім. Баланы өмірге әкелетін уақытты есептегенде қыркүйекте босанасыз, балаңыздың жұлдыз жорамалы бикеш болады деді. Мен болсам, жоқ бикеш болмауы керек, шілденің ішінде босанамын, баламның жұлдыз жорамалы арыстан болсын дедім. Білесіз бе, соңында дәл солай болды ғой. Шілдеде 35-аптада босандым. Ұл тудым, Аллаға шүкір", - деді Индира Елемес ағынан жарылып.
Еске сала кетейік, бұған дейін Индира Елемес неге жеке өмірі туралы ашық айтпағаны туралы сырын бөліскен болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!