- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ұлымды көрсетуге ұялатын...
"Ұлымды көрсетуге ұялатын едім". Танымал актриса тұңғышына қойылған диагноз туралы айтты
Танымал актриса, блогер Таня Турлай "Мамский әңгімеге" берген сұхбатында ұлына аутизм диагнозы қойылғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі ұлының ерекшелігі туралы көпке айтудан қорыққанын жеткізді.
"Мен 3 баланың анасымын. Менің ұлыма аутизм диагнозы қойылған. Мен бұл туралы жақында ғана әлеуметтік желіде жазба жариялап, көпшілікке айтқан болатынмын. Мен өстім, жетілдім, саналы, ақылды, батыл болдым. Бұған дейін қорқыныш, іштегі ашыну тым көп болды. Бөлісуге қорықтым, жауап ретінде жұрттың аяушылық көргім келмеді, бұл ақпаратты менің ойымдағыдай қабылдамайды деген қорқыныш болды. Бірақ, қуанышқа орай, бұл жаңалықты менің әлеуметтік желідегі аудиториям жақсы қабылдады. Себебі мен бұған дайын болдым. Сіздің өміріңіздегі кез келген жайт сіз дайын болған сәтте ғана болады. Адамдар бұл жаңалықты жақсы қабылдады, көп хат жазды, пікір білдірді, тіпті ұлымның жағдайы да жақсара бастады. Сондықтан осы жаңалықты көппен бөлісу үшін бойымнан батылдық, ерлік пен күш тапқаныма өте бақыттымын. Маған оқырмандарым "неліктен тұңғыш ұлыңызды көрсетпейсіз?" деп те жазатын. Иә, мен оны көп көрсетпейтін едім. Себебі, ол түрлі қылықтар жасайды, ары-бері жүгіріп жүреді, мен одан ұялатын едім. Ал қазір мен ондай емеспін. Ұлымды әлеуметтік желіде еркін көрсете аламын. Оқырмандарым тіпті үлкен ұлымды көбірек көрсетіп, оған және диагнозына қатысты пайдалы ақпаратты айтуымды сұрайды", - деді актриса.
Тағы да оқи отырыңыздар: Жазда D дәруменін ішуге бола ма?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә