Танымал әнші Тамара Асар "Ұйқым келмейді" бағдарламасына берген сұхбатта қандай келін іздейтінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің айтуынша, отау құрғандағы алғашқы 41 күн өте маңызды.
"Жалпы бағыт бересің ғой. Мен жақында екеуіне алғаш рет "Алла бұйыртып, үйленіп жатсаңдар, алғашқы 41 күн бізбен бірге тұрасыңдар" дедім. Екінші 41 күн бар. Ол - бөпелі болған кездегі уақыт. Қалжасын қолдан бергім келеді. Сол 41 күнге шыдап, жамандығын көрсетпеген қыз бала мен үйде не істесем, соны қайталайтын болады. Шынымды айтсам, менің ұлыма қызмет етсе болды. Менің балаларыма қызмет етсе, өле-өлгенше сонымен бірге құлап, бірге сүрініп, бірге тұрып жүрсе, менің арманым - сол. "Мынадай қыламын" деп айта алмаймын. Себебі өзім де әр күні әртүрлі болып оянамын. Бұл қысқа күнде қырық құбыламыз ғой", - деді Тамара Асар.
Еске салайық, бұған дейін Тамара Асар қазақ қыздарының сыңсу айтпағанын алға тартқан еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!