"Ұлым, үйге оралшы". Павлодарлық жоғалған жігіттің анасы видеоүндеу жасады
Ұлының аман-есен оралуын тілеп отырған ана VITA еріктілер жасағының әлеуметтік желідегі парақшасында бейнеүндеу жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
"Азамат, ұлым, үйге оралшы. Барлық мәселені бірге шешеміз. Өтінемін. Жаман ойларға бой алдырмашы немесе жағдайыңның жақсы екені туралы хабарлашы. Сенің жаның мен жүрегің ауырып тұрғанын түсінемін. Ал менің жаным өртеніп, жанып жатыр. Сенсіз тамағымнан ас өтпейді, көз ілмеймін. Түсінесің бе? Бір белгі берші. Біз барлығымыз сені күтіп отырмыз", - деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
16 наурызда 47 жастағы қала тұрғыны полицияға хабарласып, ұлы Азамат Исмурзинов үйден кетіп қалып, оралмағанын мәлімдеген. Аталған факті Павлодар қаласының Оңтүстік полиция бөлімінде дереу тіркелді. Бағдарлау жасалып, облыстың барлық аумақтық бөлімшелеріне және жақын облыстарға жіберілді.
Авто және ТЖ вокзалы пысықталды, такси жүргізушілері, қалааралық рейстердің жүргізушілері сұрастырылды және сауалнама жүргізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Полиция хабар-ошарсыз кеткен адамның орналасқан жерін анықтауға бағытталған жедел іздестіру іс-шараларын жалғастырып жатыр.
1995 жылы туған қала тұрғыны рюкзак пен ноутбугын алып, Назарбаев көшесі, 42 мекенжайынан шығып кеткен. Жоғалып кетпестен бір апта бұрын әлеуметтік желідегі парақшаларын өшіріп, қоштасу хатын қалдырған.
Облыстық полиция департаментінде іздеуде жүрген адамның орналасқан жері туралы немесе қандай да бір ақпарат бар болса, 102 және Павлодар қаласы полиция басқармасы Оңтүстік полиция бөлімі іздестіру бастамашысына 8 (7182) 37-78-16 (ПББ), 37-78-05 (кезекші бөлім) телефондары бойынша хабарлауды сұрайды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан