- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұлыбританияның Сыртқы істер...
Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Астанаға келді
Ұлыбританияның Сыртқы істер және халықаралық даму министрі Джеймс Клеверли Астанаға ұшып келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстанға алғашқы сапары барысында Джеймс Клеверли сыртқы істер вице-министрі Роман Василенкомен кездесті.
Британиялық саясаткер Қазақстан Президентімен, Премьер-министрмен және басқа да министрлермен кездеседі деп жоспарланған. Ол Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестікті, оның ішінде сауда мен инвестицияларды, білім беруді, бейбітшілікті сақтау мен қауіпсіздікті, қаржы мен құқықты нығайту мәселелерін талқылайды.
Ұлыбритания Сыртқы істер министрі бизнес, азаматтық қоғам және жоғары оқу орындарының өкілдерімен, сонымен бірге "Болашақ" және Chevening бағдарламаларының түлектерімен кездеседі және Елизавета II атындағы сквердің ашылуына қатысады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан