- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұлыбританияда құлпынай терумен...
Ұлыбританияда құлпынай терумен айналысатын қазақстандық жігіт табысы туралы айтты
Шетел асып, жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар аз емес. Көбі табыс тауып, қыдыру мақсатында шетелге кетіп жатады. Солардың бірі - Ұлыбританияға кеткен Бекзат. Бір қызығы ол Ұлыбританияда ерекше жұмыс істейді - Бекзат құлпынай терумен айналысады. Massaget.kz отандасымызбен сөйлесіп, Ұлыбританиядағы өмірі мен ерекше жұмысы туралы сөйлесті.
Бекзат мамандығы бойынша медицина қызметкері. Ұлыбританияға сүйіктісімен бірге кеткен. Жақында үйлену тойлары болады. Ал Ұлыбританияға кеткендеріне бір айдан енді асқан.
"Біз қызымның әпкесі арқылы келдік. Жұмысымыз егін жинаумен байланысты. Жұмыс қиын емес. Күніне 8 сағаттай жұмыс істейміз. Бірақ жұмыс уақыты жұмыстың түріне байланысты. Норма әртүрлі", - дейді Бекзат.
Бекзат жұмыс күні туралы әңгімелеп берді.
"Шамамен кешкі ондарда ұйықтаймыз. Таңғы 05.30-дарда ояна бастаймыз. Сонымен 14.00-ге дейін, кейде 15.00-16.00-ге дейін жұмыс істейміз. Жұмыс берушілеріміз қатал емес. Бәрімізге жақсы қарайды", - дейді қазақстандық.
@izkzvuk ?МОЖНО ЛИ ЕСТЬ КЛУБНИКУ НА ФЕРМЕ ? #англия?? #работаванглии #фермаанглия #клубника ♬ Kulture Klub (Sped up Version) - Lucy Tun
Бекзат тек жұмыс істеп қана қоймай, қыдырып, ел аралауға да мүмкіндік болып тұратынын айтады.
"Біз Лондонда, Херефордте болдық. Енді Стоунхенджге барсақ па дейміз", - дейді ол.
Бекзат Ұлыбританияда ұзаққа қалмайтынын, шамамен 6 айдай ғана болатынын айтады. Сонымен қатар, қазақстандық жігіт жалақысы туралы да айтып берді.
"Қазақстанмен салыстырғанда айтарлықтай айырмашылық бар. Біз орташа жалақы аламыз. Яғни сағатына 10,42 фунт стерлинг (шамамен 6 мың теңге-еск). Аптасына 5-6 күн, 8-10 сағаттан жұмыс істейміз", - деп әңгімеледі Бекзат.
@izkzvuk ?ЛЁГКАЯ РАБОТА ЗА ХОРОШИЕ ДЕНЬГИ #англия #работаванглии #фермаанглия #клубника ♬ оригинальный звук - ??ИЗ KZ В UK??
Айта кетейік, егер орта есеппен 6 күн 10 сағат жұмыс деп есептесек, құлпынай теріп, аптасына 360 мың теңге табуға болады екен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина