- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұлыбританияда ІІІ Чарльзге...
Ұлыбританияда ІІІ Чарльзге тәж кигізу рәсімі өтті: Қазақстаннан кім барды?
Сенбі, 6 мамырда Ұлыбританиядағы Вестминстер аббаттығында ІІІ Чарльзге Біріккен Корольдіктің және басқа Достастық патшалықтарының королі ретінде тәж кигізу рәсімі өтті. Салтанатты шарадан тікелей эфирді әлемдік телеарналар жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тәжді кигізбестен бұрын III Чарльзге бірқатар корольдік регалиялар, соның ішінде держава, крестпен таяқ, көгершінмен таяқ және егемендік сақинасы берілді.
Чарльз III Інжілге қолын қойып, елдің заңдарын және ол жоғарғы билеуші болып саналатын Англикан шіркеуін қорғауға ант берді. Сондай-ақ, патша таққа қосылуға ант берді, онда ол "адал протестант" деп айтылады.
Монарх пен оның жұбайы Корнуолл герцогинясы Камилланың алтын каретасы өтетін Лондон көшелеріне ондаған мың адам жиналды.
Таққа отыру рәсіміне 203 елден 2300 қонақ, оның ішінде ұлыбританиялық корольдік отбасы мүшелері мен 100-ге жуық мемлекет басшылары шақырылды. Бұған дейін Қазақстаннан тәж кию рәсіміне Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов баратыны айтылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина