Ұлыбританияда 21 жастағы бойжеткен маса шаққаннан кейін қайтыс болды, - деп хабарлайды Daily Mail.
Ұлыбританияның Бери Сент-Эдмундс тұрғыны Ориана Пеппер былтыр шілдеде Бельгияда маса шаққаннан бес күн өткен соң қайтыс болды.
Жақында жарияланған тергеу нәтижелері бойынша, бойжеткен коммерциялық әуекомпаниясында тағылымдамадан өтіп жатқан ұшқыш болған. Ориана Оксфордта EasyJet бағдарламасы бойынша теориялық емтихандарын үздік тапсырып, құрылғыларына баға беру үшін бельгиялық Антверпен қаласына барған.
7 шілдеде оң көзінің қасындағы шағып алған жері ісінгеннен кейін аурухананың жедел жәрдем бөліміне жүгінген. Қызға антибиотиктер берілді, бірақ екі күннен кейін есінен танып ауруханаға түскен. Ориана ауруханада үш күннен кейін 2021 жылдың 12 шілдесінде қайтыс болды.
"Жәндік шаққаннан кейін Ориананың терісіне инфекция енген. Содан кейін мойынның ұйқы артериясына тарап, мидағы септика эмболиясына әкелді", - деді Суффолк Коронер соты.
Өлімнің медициналық тұрғыдан себебі - қан тамырларының бітелуіне әкелетін мидағы септикалық эмболия, сондай-ақ стафилококк бактерияларынан туындаған инфекция мен жәндіктің маңдайдан шағуы.