- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұлыбританияда 370 мыңнан...
Ұлыбританияда 370 мыңнан аса адам ереуілге шықты
Ұлыбритания астанасы Лондонда 370 мыңнан аса адам ереуілге шықты, - деп хабарлайды Sky News.
Телеарна мәліметінше, Ұлттық білім беру одағының (NEU) мүшелері Портленд-плейстен (қаланың орталық бөлігіндегі Мэрилебон ауданындағы көше) Вестминстерге дейін барған. Шерушілер ереуіл кезіндегі маңызды қызметтер жұмысының ең төменгі деңгейі мен жалақыны көтеру туралы жаңа үкімет заңына қарсылық білдірді.
Sky News жариялаған суреттерде плакаттармен ереуілде жүрген адам көп. Олардың кейбіреулерінде: "Біз ұстаздарымызды қолдаймыз. Барлығына әділ еңбекақы төленсін!", "Ұстаздар балаларыңызды қалай бағып отырса, оларға да қамқорлық жасаңыздар!", "Мұғалімдердің жойылып кету қаупі бар!" деген плакаттар бар.
Сәрсенбіде Ұлыбританияда жүздеген мың жұмысшы ереуілге шықты. Негізінен, педагогтер: Англия мен Уэльстен 300 мыңнан аса оқытушы және 150 ұлыбританиялық университеттердің 70 мың қызметкері. Сонымен қатар, ереуілге мемлекеттік қызметкерлер, теміржолшылар және көлік саласының басқа да қызметкерлері қатысып жатыр. Барлығы жарты миллионға дейін адам қатысқан.
Қаңтардың алғашқы жартысында Ұлыбританияның энергетика, бизнес және өнеркәсіп министрі Грант Шаппс Парламентке ереуілдер кезінде ел тұрғындарының қауіпсіздігі үшін маңызды қызметтерді пайдаланудың ең төменгі деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған заң жобасын ұсынған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек