- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұлыбритания премьер-министріне әлеуметтік...
Ұлыбритания премьер-министріне әлеуметтік желідегі видеодан кейін айыппұл салынды
Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак көліктен видео жариялады. Осылайша, оған қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды Sky News.
Риши Сунактың баспасөз қызметі өкілдері әлеуметтік желілерде шенеуніктің Ланкашир округінің экономикасына инвестиция артқанын мәлімдеген видеосын жариялаған. Полиция ол жолаушылар орнында отырған кезде қауіпсіздік белдігін тақпағанына назар аударған.
“Have you been involved in an accident that wasn’t your fault? Then don’t do what the Prime Minister does”. #RishiSunak #uk pic.twitter.com/vRoDEjUKvR
— Biased Journalist (@Bad_Journalist2) January 19, 2023
Полиция мәлімдемесінде әлеуметтік желілерде Ланкаширде жүрген көлікте жолаушы ретінде отырған адам қауіпсіздік белдігін тақпағаны көрінетін видео тарап жатқаны айтылады. Ал бұл мәселе тексерілгеннен кейін лондондық 42 жастағы ер адамға айыппұл туралы хабарлама жіберілген. Алайда Риши Сунактың аты-жөні полиция мәлімдемесінде аталмаған.
Following the circulation of a video on social media showing an individual failing to wear a seat belt while a passenger in a moving car in Lancashire we have today (Friday, Jan 20) issued a 42-year-old man from London with a conditional offer of fixed penalty. pic.twitter.com/i2VJkFL2oL
— Lancashire Police (@LancsPolice) January 20, 2023
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова