Әлеуметтік желі қолданушылары Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак туралы жаңалықтар сюжетінде құпия белгіні байқаған. Алайда Stopfake.kz мәліметінше, бұл - фейк ақпарат, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Басылым мәліметінше, ол кадрларда қызыл папка ұстап барады. Сунактың қолдары тұрақта тұрған көліктің артынан бірер уақыт көрінбей қалады. Ал қайта көрінген кезде, папка қызыл емес, жасыл болып шығады.
Таралған видео - 2020 жылдың 10 наурызында шыққан SkyNews телеарнасының жаңалықтар сюжеті.
Онда Ұлыбританияның жаңа бюджетін қабылдау туралы және сол кезде қазынашылық канцлері қызметін атқарған Риши Сунак жаһандық жылынумен күресу жоспарларын жария еткені туралы айтылған. Ролик Желіде қолжетімді болғандықтан, сюжетте Риши Сунактың қолындағы папканың түсі қызылдан жасылға өзгергенін көруге болады.
Алайда, бұл жерде ешқандай сиқыр мен құпия белгі жоқ. SkyNews телеарнасының продюсері Рианнон Уильямс өзінің Twitter парақшасында видеоны монтаждау барысында папканың түсі өзгергені туралы жазды.
Осылайша, авторлар "жасыл" бюджеттің қажеттілігін атап өтіп, экологиялық мәселелермен күресуге назар аудармақ болған.
Демек, таралған видео екі жыл бұрын түсірілген. Ол кезде Риши Сунак Ұлыбританияның премьер-министрі болмаған. Ол қолында ұстап бара жатқан папка қызыл түсті болған. Оны графикалық редакторлардың көмегімен жасыл түске өзгерткен. Осылайша, жаңалықтар бағдарламасының продюсерлері экология мәселелеріне назар аударуға тырысқан.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!