Желіде Ұлыбритания королі ІІІ Чарльз қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айта кетейік, Букенгем сайтында және әлеуметтік желілерде ресми мәлімдеме жасалмаған.
Еске салайық, ақпанның басында Букингем сарайы ІІІ Чарльзге қатерлі ісік диагнозы қойылғанын хабарлады. Өткен айда III Чарльз Лондон ауруханасына простата безінің ұлғаюын түзету процедурасы үшін барған, онда оған қатерлі ісік диагнозы қойылды.
Сондай-ақ, Ұлыбритания королі қауесеттердің алдын алу үшін және бұл бүкіл әлемде осы аурумен ауыратындарға қандай да бір қолдау болады деген үмітпен өз диагнозын бөлісуді шешкені атап өтілді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!