- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұлыбритания Еуропада алғашқы...
Ұлыбритания Еуропада алғашқы ғарыш айлағын салмақ
Британиялық үкімет Біріккен Корольдікте ғарыш айлағын салу бастамасын қолдады. 2018 жылы қолданысқа беріледі деп жоспараланып отырған нысан Еуропадағы алғашқы ғарыш айлағы болмақ, деп хабарлады Hi-News. Бұл туралы inform.kz жазды.
Жаңа базадан ғарышқа коммерциялық ұшырулар мен халықаралық рейстер жүргізіледі деп күтілуде. Үш айлық кеңестен кейін үкімет құрылысқа арналған орын бола алатын жерлер тізімінің санын беске дейін қысқартты. Ол Шотландиядағы Кэмпбелтаун, Глазго Прествик және Сторновей әуежайлары, Ньюквей (Англия) мен Лланбедр (Уэльс).
Жаңа ғарыш айлағы халықаралық ұшу уақытын қысқартады. Жобаға қатысушылардың айтуынша, болашақта Ұлыбританиядан Австралияға ұшу үшін 14 сағат емес, 2 сағат қана уақыт кетеді.
сурет: kosmos.of.by
Е. Қайрахан