Ұлыбритания елшісі қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен қазақ тілінде құттықтады (видео)

Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі, доктор Кэролин Браун қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен қазақ тілінде құттықтады. Ол 24 жылда Қазақстанның айтарлықтай жетістіктерге жеткенін атап өтті.

Елші екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытудың маңыздылығына да тоқталды. "Қазақстанның алға қойған мақсатына жетіп, дамыған 30 елдің қатарына кіруіне тілектеспін", - деді Браун.
 
 
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz