- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ұлы сөйлей алмайтынын...
"Ұлы сөйлей алмайтынын айтқан": Атырауда 72 жастағы әже жоғалып кеткен
Атырауда қызметтік иттің көмегімен 72 жастағы жоғалған тұрғын табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қалада Қызылорда облысының тұрғыны жоғалып кеткен. Кіші инспектор-кинолог Айбар Батыров Рокки есімді қызметтік итімен жоғалған адамды теміржол вокзалы маңынан іздеп тапты.
ІІМ мәліметінше, 30 маусымда түскі сағат 12:30 шамасында жоғалған әйелдің ұлы 102-ге хабар берген. Оның сөзінше, анасының психикалық ауытқуы бар және сөйлей алмайды.
"Ол сағат 9:00 шамасында Химпоселек шағынауданындағы туыстарының үйінен шығып кетіп, сол күйі хабарсыз кеткен. Туыстары оны өз бетімен іздеп көргенімен, нәтиже бермеген. Жедел қоңырау қабылдаған тәртіп сақшылары бірден жылдам әрекетке көшіп, егде жастағы әжені іздеді", - деп жазылған хабарламада.
Полицейлер жоғалған адам баруы мүмкін барлық жерді қарады. Қызметтік ит жоғалған адамның киімінен шыққан иіс арқылы оның ізіне түскен. Нәтижесінде теміржол вокзалы маңынан тапқан.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова