- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұлы мереке ұлықталды...
Ұлы мереке ұлықталды
Бабалардың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы ақиқатқа айналып, қазақ елін жасампаздықтың жаңа белесіне көтерген күн – Тәуелсіздік күні. Сондықтан да 16 желтоқсан ұлтымыз үшін ең ұлық күн, ең ұлы мереке саналады. Өйткені Қазақстан Республикасы нақ осы күні өз тәуелсіздігін дүниежүзінежүзіне жария етті.
Талай зұлмат пен талайлы тағдырды бастан өткерген халқымыздың басына қонған осынау бақты қадір тұтып, мәні мен маңызы зор мерекені ел болып ұлықтау біз үшін бұлжымас парыз. Осы тәлімі мол істі кейінгі буынға дәріптеу де үлкен өнеге. Сондықтан да халқымыз ұлық мерекені ұлықтауды дәстүрден тыс қалдырған емес.
Тәуелсіздіктің баянды болуын елдің бірлігіне балайтын тараздықтар да осы күні "Тәуелсіз Қазақстан" монументі алдына жиналып, тағдырға тәубе десті. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Марат Әбдірайымов және облыстық арадагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев бастаған ел ағалары мен "AMANAT", "Respublica", "Ауыл", "Ақ жол" сынды басқа да париялардың облыстық филиалының қызметкерлері, ардагерлер қауымы, әскери құрылымдар, Тараз қаласының әкімі және өзге де зиялы қауым өкілдері мен бірқатар тұрғындар аталған манументке гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Мерекелік іс-шарада "Оңтүстік" өңірлік әскери Қолбасшылығы оркестрінің сүйемелдеуімен маңайды кернеген патриоттық әуендер көпшіліктің отаншылдық сезімін оятты.
Бұдан кейін көпшілік желтоқсан оқиғасына қатысушы Қайрат Рысқұлбековтің ескерткішінің алдына да жиналды. Мұнда да жұртшылық Тәуелсіздік жолында өзін құрбан еткен "Халық Қаһарманын" 1 минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Желтоқсан көтерілісіне қатысушыны еске алу барысында әруағына арналып құран бағышталды.
Еліміздің бабалар аңсаған азаттыққа қол жеткізуі Қайраттай қаһарман ұлдардың арқасы екені. Сол себепті халық тәуелсіздік жолында жанын қиған боздақтарды мәңгілік жадында сақтайды.
Жамбыл облысының әкімдігі ұсынған материал
Д. Шәріпхан