Ұлы Жеңістің 80 жылдығы: 9 мамырда қазақстандықтарды не күтеді?

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы: 9 мамырда қазақстандықтарды не күтеді?
Фото: Видео кадры

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадтың ең әсерлі сәті әуе кемелерінің шеруі болмақ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қорғаныс министрлігі мәліметінше, Астана аспанында майдан, армия және әскери-көлік авиациясының 66 ұшу аппараты сап түзейді.

"Әскери ұшқыштар күнделікті жаттығуда тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен көрерменді әуе техникасының үйлесімділігімен, көркемділігімен және күшімен таңғалдыру үшін дайындалып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget