Биыл адамзат тарихындағы ең сұрапыл қантөгіс – Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл толып отыр.
9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласындағы "Жеңіс" алаңына барып, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.
Гүл қою рәсімінен соң, облыс әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласында тұратын соғыс және тыл ардагерлерінің үйлеріне арнайы барып, Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады. Әкім соғыс ардагерлері – Вениамин Скаленко мен Иван Гапичке мерейтойлық медаль мен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтау хатын табыс етті. Сонымен қатар, өңір басшысы тыл ардагері Ақбай Жайсаңға да құрмет көрсетіп, Жеңіс күнімен және туған күнімен құттықтады.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ұсынған материал