ҚМА Түркістан облысы бойынша департаменті азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін темекі өнімдерін (снюс) заңсыз дайындап, оны таратумен айналысқан топты әшкереледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Келес және Ордабасы аудандары аумағында орналасқан 3 жасырын цех толық жойылды. Заңсыз өндіріс жалпы ауданы 500 шаршы метрден асатын нысандарда ұйымдастырылып, күн сайын шамамен 20 адам жұмысқа тартылған. Тыйым салынған өнімдер еліміздің барлық өңіріне таратылып отырған.
Заңсыз айналымнан 1 миллионнан аса дайын өнім, 30 тонна темекі, 2 миллион қаптама, түрлі хош иістендіргіштер мен улы химиялық қоспалар, сондай-ақ, арнайы жабдықтар тәркіленді. Тәркіленген шикізат көлемі шамамен 60 миллион дана бір реттік снюс өндіруге жеткілікті болған.
Сот санкциясымен заңсыз қызметтен түскен қаражатқа сатып алынған екі көлікке тыйым салынды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз