- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұлттық валютаның долларға...
Ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы нығая түсті
KASE таңғы сессиясында ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 344,92 теңгеге тең болды. Кеше күндізгі сессияда шетелдік валюта 345,54 теңгеге бағаланған еді.
6 сәуір күні таңғы сессияда бірінші келісім 345,3 теңгемен жасалды. Ең төменгі баға − 344,2. Ал ең жоғарысы 345,3 теңгеге жетті. Сауданың жалпы көлемі − 13 миллион доллар. Kurs.kz сайтының мәліметінше, ақша айырбастау орындары долларды 340-345,8 теңгеге сатып жатыр. Астана уақыты бойынша, сағат 11.07-дегі жағдайға сәйкес, Brent маркалы мұнайдың маусым айына фьючерсі әр баррель үшін 38,62 долларға жетті. Шілдеге арналған фьючерс − 38,77.
Еске сала кетейік, 5 сәуір күні KASE таңғы сессиясының қорытындысы бойынша теңгенің долларға қатысты бағамы 345,50-ге тең болды. Таңғы сессияның алғашқы келісімі 345,5 теңгемен өтті. Саудада ең төменгі баға 345,3 теңге болса, жоғарысы 345,9 теңгеге жетті. Сессия кезінде сауда көлемі 28,6 миллион доллар болды.
Дереккөз: tengrinews
С. Ерсін