- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұлттық валютаның долларға...
Ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 345 теңгеге тең
Фото:
oboifullhd.ru
KASE қор биржасының таңғы сессиясының қорытындысы бойынша теңгенің долларға қатысты бағамы 345,04-ке тең болды.
5 наурыздағы таңғы сессия кезінде алғашқы келісім 345,15 теңгемен өтті. Ең жоғары баға да осы. Төменгі келісім 344,9 теңгемен жасалды. Сессияда сауда көлемі 168,6 миллион доллардан асты. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындары шетел валютасын 340-344 теңге аралығында саудалап жатыр.
Дереккөз: Tengrinews.kz
С. Ерсін