24 мамырда KASE таңғы сессиясының қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 336,42- тең болды.
Бүгінгі таңғы сауда кезінде ең төменгі келісім 336 теңгемен жасалды, ал жоғарысы 336,8 теңгеге жетті. Сессияда сауда көлемі 170,9 миллион доллар болды. Барлығы 185 келісім жасалды. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындары шетел валютасын 335,3-337,3 теңге аралығында саудалап жатыр.
ICE биржасының мәліметтеріне сүйенсек, Астана уақыты бойынша сағат 11.07-де Brent маркалы мұнайдың баррель құны 48,11 доллар болды.
Дереккөз: tengrinews.kz