- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұлттық валютаның долларға...
Ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 334,61-ге тең
Фото:
news.caravan.kz
KASE таңғы сессиясының қорытындысы бойынша теңгенің долларға қатысты бағамы 334,61-ге тең болды. Кеше соңғы сессия 333,7 теңге көрсеткішімен аяқталған еді.
14 сәуірдегі таңғы сессияның бірінші келісімі 334,7 теңгемен өтті. Саудада төменгі баға 334 теңге болса, жоғарысы 335,05 теңгеге жетті. Сауда көлемі 99,7 миллион доллардан асты. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбас пункттері шетел валютасын 331,5-334 теңге аралығында сатып жатыр.
Айта кетейік, Астана уақыты бойынша сағат 10.46-да Brent маркалы мұнайдың баррель құны 43,58 доллар болды.
Дереккөз: tengrinews
С. Ерсін