- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұлттық валюта шамамен...
Ұлттық валюта шамамен 3 теңгеге нығайды
Фото:
dixinews.kz
KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 360,93 теңгеге тең болды. Бұл өткен аптадағы соңғы сессияға қарағанда 3 теңгеге төмен.
8 ақпандағы таңғы сессия кезінде алғашқы келісім 364 теңгемен жасалды. Ең жоғары баға да осы болды. Ал сессиядағы ең төменгі келісімнің бағасы − 358,9 теңге. Сауда көлемі 24 миллион доллардан асты. Ақша айырбастау орындары шетел валютасын 358-364 теңге аралығында сатып жатыр.
Айта кетейік, Астана уақыты бойынша сағат 10.30-да мұнай бағасы аздап өсті. Brent маркалы мұнайдың баррель құны 34,22 доллар болса, WTI маркалы мұнайдың баррель құны 31,06 долларға жетті.
Дереккөз: Tengrinews.kz
С. Ерсін