- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұлттық валюта нығая...
Ұлттық валюта нығая бастады
Фото:
vlast.kz
KASE таңғы сессиясының қорытындысы бойынша теңгенің долларға қатысты бағамы 344,41 теңгеге тең болды. Айта кетейік, ұлттық валюта 24 наурыздағы соңғы сессияға қарағанда 2 теңгеге нығайып отыр.
25 наурыздағы алғашқы келісім 346 теңгемен жасалды. Ең жоғары келісім 1 тиынға жоғары болды, ал төменгісі - 342,5 теңге. Сессия кезінде сауда көлемі 86 миллион доллардан асты. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау пункттері шетел валютасын 340-346 теңге аралығында саудалап жатыр.
Дереккөз:Tengrinews.kz
С. Ерсін