Бүгін Қазақстанның ұлттық валютасы - теңгенің айналымға енгізілгеніне 30 жыл толды. Атаулы күнде Massaget.kz тілшісі осы уақытқа дейін айналымнан шыққан купюроларға шолу жасады.
1993 жылы 12 қарашада сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаев жарлыққа қол қойып, 15 қарашадан бастап теңге елдегі есептесетін ақшаға айналған еді.
"Портреттер" сериясы
1993 жылдың маусымында цех іске қосылып, қағаз тиындар шығарылды. Бірінші топтамада "Портреттер" топтамасы шығарылды. Атап айтқанда, әр теңгеге Әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан Уәлиханов , Абай Құнанбаев, Әбілқайыр хан, Абылай хан портреттері бейнеленді. Бір жылдан соң бұл топтама айналымнан алынған.
"Әл-Фараби" сериясы
1994-2003 жылдары "әл-Фараби" сериясы бойынша купюрлар шығып, дизайнына өзгеріс енгізіліп, 200, 500 теңге, 1 000 теңге, 5 000 теңге және 10 000 теңгелік қағаз ақшалар басып шығарылды.
"Бәйтерек" сериясы
2006 жылы Ұлттық валютаның "Бәйтерек" топтамасы айналысқа шықты.
2016 жылдың 4 қарашасында осы сериямен басылып шыққан 2 мың, 5 мың және 10 мың теңгелік купюралар алынып тасталып, оның орнына жаңа купюралар шықты. Ал 2017 жылдың 1 наурызында 1 мың теңгелік купюралар түрі қолданыстан алынды.
"Самұрық" сериясы
Ұлттық валютаның төртінші толқыны 2011 жылы "Самұрық" сериясымен айналысқа енді. Оның ішіне 2011 жылы алғаш шыққан 500, 1000, 2000, 5000, 10000 және 20000 теңгелік банкноттар енген.
Ұлттық банк 2019 жылғы үлгідегі дизайны өзгертілген номиналдық құны 1, 2, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік монеталарды айналымға шығарды. Қазіргі таңда 100 теңгеге дейінгі номиналдағы банкноттар (қағаз түріндегі) айналымда жүрмейді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!