- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұлттық валюта бағамы...
Ұлттық валюта бағамы 363 теңгеге нығайды
Фото:
www.currenttime.tv
KASE қор биржасының таңғы сессиясында доллар бағамы 363,41 теңгеге тең болды.
Шетел валютасы өткен саудаларға қарағанда 10 теңгеге арзандай түсті. Таңғы саудалардың бірінші келісімі 369,01 теңгемен басталды. Осы максималдық құны болып тіркелді. Минималдық құны болса 362,2 теңгеге тең. Сауда көлемі 78,5 миллион долларға жетті. Kurs.kz мәліметінше, ақша айырбастау орындары долларды 359-364 теңге аралығында саудалап жатыр.
Еске салайық, KASE биржасының 3 ақпандағы күндізгі сессиясында доллар бағамы 373,56 теңгеге тең болған еді. Сессия кезінде сауда көлемі 64,3 миллион доллардан асқан болатын.
Дереккөз: tengrinews
С. Ерсін