KASE қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 361,42 теңгеге тең болды. Ұлттық валюта өткен жұмадағы саудалардың қорытындысында тіркелген көрсеткішке қарағанда 3 теңгеге нығайды. 29 қаңтардағы күндізгі сессияның қорытындысында шетел валютасының бағамы 364,33 теңгеге тең еді.
Таңғы саудалардың бірінші келісімі 362 теңге бағасында өтті. Осы көрсеткіш максималдық болып тіркелді. Минималдық бағасы − 369,5. Айырбастау орындарында доллар бағамы 359-365 теңге аралығында.
Айта кетейік, 2015 жылдың желтоқсанында ҚР Ұлттық банкі долларды сатып алу мен сатудың ауытқу шегі 6 теңгеге дейін кеңейетін қаулыны қабылдаған болатын. "Уәкілетті банктердің және уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектері: 1) АҚШ доллары үшін − 6 теңге; 2) еуро үшін − 7 теңге болып белгіленсін", − делінген Ұлттық банктің қаулысында.
Дереккөз: tengrinews