KASE қор биржасының таңғы сессиясының қорытындысы бойынша теңгенің долларға қатысты бағамы 355,92-ге тең болды. Ұлттық валюта соңғы сессияға қарағанда 6 теңгеге әлсіреді.
19 ақпандағы таңғы сессияда алғашқы келісім 350,19 теңгемен жасалды. Саудада төменгі баға 350 теңге болса, жоғарысы 357 теңгеге дейін көтерілді. Сауда көлемі 340,4 миллион доллардан асты. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындары шетел валютасын 350-356 теңге аралығында сатып жатыр.
Айта кетейік, бүгінгі құрлықаралық биржада Brent маркалы мұнай баррелінің құны 1,53 пайызға арзандап, 33,98 доллар болса, WTI маркалы мұнайдың баррель құны 3,393 пайызға арзандап, 30,54 долларды құрады.
Дереккөз: tengrinews