KASE биржасының таңғы сессия қорытындысы бойынша ұлттық валюта бағамы долларға қатынасында 368,91 теңгеге тең. Астана уақыты бойынша, 2 ақпандағы 00.00 жағдайында, "РБК" мәліметінше, Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 33,98 доллар.
Бірінші сауда 362,93 теңгемен жасалды. Осы минималдық құны болып тіркелді. Максималдық құны 370 теңгеге жетті. Сауда көлемі 19,55 миллион доллар болды. Kurs.kz сайтының мәліметінше, ақша айырбастау орындары шетел валютасын 365-370 деңгейінде саудалап жатыр.
Еске сала кетейік, 2016 жылдың 1 ақпанынан бастап ҚР Ұлттық банкінің ақша айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгемен сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектері АҚШ доллары үшін − 6 теңге, евро үшін −7 теңге болып бекітілді.
Дереккөз: tengrinews