Ұлттық ұланның баспасөз қызметі Талғарға әскер жұмылдырылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы облысының Талғар қаласында қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қадағалау үшін Ұлттық ұлан әскери бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылды.
Бұл іс-шаралар қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған. Азаматтардан әскерилердің міндетіне түсіністікпен қарауды сұраймыз", – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Талғарда митинг болуы мүмкін деген ақпарат тараған болатын. Митинг 4 қазанға қараған түні Алматы облысы Талғар ауданында кісі қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Болаттың ісіне қатысты болады делінген. Алайда Шерзаттың әкесі ешқандай митинг болмайтыны туралы мәлімдеме жасаған еді. Соған қарамастан, Талғарға Ұлттық ұланның әскерлері жіберілді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!