Бас әскери прокуратура өкілдері Ұлттық ұланның 21 жастағы сарбазы Қайсар Сұлтановтың өліміне қатысты тергеу барысын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қайсар Сұлтанов 2023 жылы 9 қазанға қараған түні қайтыс болған. Ол Астанадағы 6636 әскери бөлімінде борышын өтеген. Марқұмның анасы қайғылы оқиғадан бір күн бұрын ұлын көргенін және күдікті ештеңе байқамағанын айтады.
Қайғылы оқиғадан кейін тергеу органдары қылмыс құрамын таппай, істі үш рет жауып тастаған. Енді тергеу Қылмыстық кодекстің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша қайта басталды. Алайда Қайсардың анасы Сәуле Тілеубергенова ұлы өлтірілгеніне, ал кінәлілер әлі де Ұлттық ұлан қатарында қызмет етіп жүруі мүмкін екеніне сенімді.
Бас әскери прокуратура Tengrinews.kz сауалына жауап ретінде соталды тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
"Жедел тергеу жүргізіліп, сот сараптамасы тағайындалды", - деді ведомство өкілдері.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова