21 шілде күні елордадағы студенттік саябақта қоғамдық тәртіпті бақылап жүрген Ұлттық ұланға қарасты 5573 әскери бөлімінің әскери жасағы суға тұншығып, көмекке шақырған баланы байқаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Әлібек Ноғаев бұл туралы радиостанция көмегімен патрульдік топтың бастығына хабар беріп, кейін өзі киімін шешіп, суға секірген.
12 жастағы бала ескек есу бойынша жаттығу кезінде жел екпінінен каноэсі аударылып, суға бата бастағаны белгілі болды.
Жауынгердің батыл және жылдам әрекеті оны ажалдан аман алып қалды. Әскери жасақтың барлық құрамы елордалық жедел бригада командирінің алғысына бөленді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!