2024 жылдан бастап отан алдындағы борышын өтеген қазақстандықтар ҰБТ тапсырмай-ақ, ІІМ академиясына түсе алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Келесі жылдан бастап әскери борышын өтеген сарбаз бір жылдан кешікпей ІІМ-нің әскери оқу орнына түсе алады. Оның жасы 23-тен аспауға тиіс.
Жаңа бастамаға Ұлттық ұланның әскери бөлімдеріндегі әрбір шақырылымның тек 20 пайызы қол жеткізе алады.
Аяз Есен
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!