Жамбыл облысында оқу-жаттығу кезінде Ұлттық ұлан офицерлері аяқтарын жарақаттап алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 25 қыркүйекте жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес "Айша-Бибі" полигонында Ұлттық ұлан әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен атыс оқу-жаттығулары өткен.
"Қауіпсіздік шараларын бұзудың салдарынан үш офицер аяқтарын аздап жарақаттап алды. Әскери қызметшілер Тараздағы емдеу мекемесіне жатқызылды. Қазіргі уақытта олардың жағдайы қанағаттанарлық, маңызды органдарына зақым келген жоқ", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Оқыс оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!