Ақтөбеде Ұлттық ұлан офицері қыздың өмірін сақтап қалды. Қазір оның жағдайы қанағаттанарлық, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға Ақтөбе қаласының халық көп шоғырланған аудандарының бірінде болған. Сағат 23:30 шамасында Әбілқайыр хан көшесіндегі банк ғимаратының маңында белгісіз бір адам әскери қызметшілерге тротуарда қыз ес-түссіз жатқанын хабарлаған. Мұны естіген әскери жасақ кезекшісі дереу оқиға орнына жетті.
Қыздың есінен танғаны белгілі болды. Куәгердің айтуынша, жедел жәрдем бес минут бұрын шақырылғанымен, оқиға орнына келмеген.
Әскери жасақ кезекшісі майор Дмитрий Муравицкий зардап шеккен қызды жақын маңдағы ауруханаға өзі жеткізу туралы шешім қабылдады.
Әскери қызметшінің жедел әрекеттерінің арқасында қыз тез арада Ақтөбе қаласының көпсалалы облыстық ауруханасына жеткізіліп, кезекші дәрігерге табысталды. Тексерістен кейін дәрігер қызда жүрек талмасы болғанын анықтады.
Қазір оның жағдайы қанағаттанарлық.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова