- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұлттық тестілеу орталығынан...
Ұлттық тестілеу орталығынан ақпараттарды заңсыз көшіріп алғандар сотталды
Ұлттық тестілеу орталығынан ақпараттарды заңсыз көшіріп алғандар сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыстық кодекстің 205-бабы 2-бөлімімен және 208-бабы 2-бөлігімен қарастырылған қылмыстарды жасағандары үшін кінәлі деп танылған Қазақстан азаматтары "С", "Ж" және "Н" қатысты Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты мен Өскемен қаласы № 2 сотының үкімдері заңды күшіне енді.
Олардың әрбіреуіне 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы белгіленді, сондай-ақ ақпараттық технология және телекоммуникация желілері саласында лауазымды қызметке тұру құқықтарынан 3 жыл мерзімге айырылды.
Сотталған адамдар 2023 жылы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратына заңсыз қол жеткізуді және көшіруді жүзеге асырғандары тергеумен анықталды.
Олардың Ұлттық бірыңғай тестілеудің, педагогтар мен магистранттардың білімін бағалаудың өткізілуіне қол сұғулары дәлелденді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина