Ұлттық статистика бюросына жаңа басшы тағайындалды

Ұлттық статистика бюросына жаңа басшы тағайындалды
Фото: gov.kz

Ұлттық статистика бюросына жаңа басшы тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тиісті жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Мақсат Қайратұлы Тұрлыбаев Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы лауазымына тағайындалды", - делінген құжатта.

Мақсат Тұрлыбаев 1987 жылы туған.

Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын "Экономика"  мамандығы бойынша бітірген, Сеул ұлттық университетінде мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің сарапшысы қызметінен бастады.

2010-2016 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаментінің бас сарапшысы, басқарма басшысы.

2016-2020 жылдары Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.

2020-2021 жылдары Павлодар облысы қаржы басқармасының басшысы.

2021 жылдан осы уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы хатшылығының инспекторы қызметін атқарды.

Президенттік Жастар кадр резервінің мүшесі. "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған (2019 жылы).

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан