Қазақстанда Ұлттық пантеон аумағына жерленуі мүмкін мемлекеттік лауазымды тұлғалардың тізімі жаңартылды. Жаңа ереже 2026 жылғы 17 қарашадан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Massaget.kz.
Өзгерістер Үкіметтің 2026 жылғы 4 қарашадағы қаулысымен енгізілді. Құжатта Ұлттық пантеонға жерленуге құқығы бар қайтыс болған немесе қаза тапқан мемлекет қайраткерлерінің лауазымдары көрсетілген.
Жаңартылған тізімге мына лауазымдарды атқарған тұлғалар енді:
Сонымен қатар Қазақстан Президентінің арнайы шешімімен Ұлттық пантеонға еліміздің басқа да азаматтары жерленуі мүмкін.
Жерлеу рәсімін кім ұйымдастырады?
Жерлеу рәсімін елорданың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырады.
Оған марқұмның жұбайының, жақын туыстарының немесе заңды өкілінің өтініші негіз болады.
Марқұм туралы қандай деректер сақталады?
Ұлттық пантеонда жерлеу орындарын тіркейтін арнайы кітап болады. Онда:
- марқұмның тегі, аты және әкесінің аты;
- дененің жеткізілген және жерленген күндері;
- өмірбаяндық мәліметтері;
- ел алдындағы еңбегі;
- өзге де қажетті ақпарат жазылады.
Үкімет қаулысы 2026 жылғы 17 қарашада күшіне енеді.