- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұлттық құндылықтарды дәріптеу:...
Ұлттық құндылықтарды дәріптеу: Орталық музей қандай шараларды қолға алды?
Спикер: Рашида Ерімқызы Харипова - ҚР Мемлекеттік орталық музейінің директоры
Қазақстан Республикасының президенті Қ.К.Тоқаевтың ұсынысымен 25- қазан Республика күні деп белгіленіп, еліміздің басты мерекесі ретінде қайта тойланып келеді. Осы мереке қарсаңында мәдени мекемелер жан-жақты атсалысып,айтулы датаның мемлекеттік деңгейде тойлануына өз салаларыбойынша үлесқосуда. Осы тұрғыда ұлттық құндылықтарды дәріптеуші мекеме – музей болса, оның ішінде Орталық музей қандай шараны қолға алды? Сұрағымызға жауап алу үшін Алматыдағы ҚР Мемлекеттік орталық музейінің директоры Р.Е Хариповаға сауал жолдадық.
Орталық музей өзінің негізгі қызметі ретінде материалдық құндылықтарды жинақтай отырып, оларды дәріптеу мақсатында көрмелер мен түрлі мәдени іс-шаралар өткізіп отырады. Осыған байланысты Орталық музей биыл Республика күніне арнапүш бірдей халықаралық көрме өткізді.
Оның алғашқысы 4-11 қазан аралығындаҚазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейімен Өзбекстан Республикасындағы Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мемлекеттік музейі бірлесіп өткізген ғалым-ағартушы, дәрігер, баспа ісін ұйымдастырушылардың бірі Халел Досмұхамедовтың 140 жылдығына және ұстаз, ғалым, ақын, драматург, аудармашы Мағжан Жұмабаевтің 130 жылдығына арналған "Алаштың асыл арыстары" халықаралық көрмесі.Көмеге алаш арыстарының тарихын ұзақ жылдар зерттеген белгілі ғалым, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелді арнайы келіп, айтулы ашараның жоғары деңгейде өткенін ерекше атап өтті. Көрменің ашылу салтанатын тамашалауға 700-ден астам көрермен жиналды. Олардың қатарында зиялы қауым өкілдері, БАҚ саласының қызметкерілері және музей қонақтары да бар. Бұл біз үшін зор мақтаныш.
Көрмеге 50 сақтам бірлік экспонаттар мен ақпараттық стендтерапардық. Онда фотоқұжаттардың көшірмелері, киім-кешек және мұрағат жәдігерлері ұсынылды. Экспонаттардың ішінде көрнекті ақын, қоғам қайраткері – Сәкен Сейфуллиннің жеке заттары (пальто, көзілдірік, қолтаңбасы бар мөр), сондай-ақ ағартушы ғалым, дәрігер, денсаулық сақтау жүйесін алғашұйымдастырушылардың бірі Халел Досмұхамедовтың жеке мөрі бар.
Көрме аясында Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейімен ынтымақтастық пен тарихи-мәдени байланысты нығайту жөніндегі меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейі,Өзбекстан мемлекеттік өнер музейі және Өзбекстан мемлекеттік тарихи музейімен іс-тәжірибе алмасу болып, нәтижесінде қызметкерлер сертификаттарды иеленді.
Екінші "Өрнекпен өрілген өнер" этнографиялық көрмесі12 қазанда Әзербайжанның Баку қаласындағыӘзербайжан Ұлттық кілем музейінде ашылды.КөрмеӘзербайжан Республикасы Мәдениет министрлігінің Ұлттық кілем музейіменбірлесіп Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті және ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды. ҚР Мемлекеттік орталық музейінің этнографиялық коллекциянан құралған көрмеге экспозициясында қазақ халқының дәстүрлі мәдениетін кеңінен насихаттайтын ұлттық кілем түрілерімен бірге тоқыма және киіз бұйымдары, тұрмыстық заттар, киім, ат әбзелдері қойылды.
"Өрнекпен өрілген өнер" көрмесінде ұсынылған сан алуан ұлттық бұйымдар қазақ халқының мыңдаған жылдар бойы көшпелі өмір салтында қалыптасқан дүниетанымын, бай дәстүрі мен мәдениетін көрсетуге бағытталған.Көрмеге тарих ғылымдарының докторы, этнограф Жамбыл Омарұлы, Әзербайжан Республикасы Мәдениет министрінің орынбасары Саадат Юсупова, Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Әлім Дәуренұлы қатысып, қазақ қолөнерін шетелде насихаттаудың зор мәртебе екенін тілге тиек етті.
24-қазан күні Әзербайжанның Баку қаласында тағы бір этнографиялық көрмеміз ашылмақ. Ол Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен Fairmont Baku салтанат сарайында өтеді.
Бұл көрменің де мақсаты Орталық музейідің этнографиялық коллекциясы негізінде қазақ мәдениетінің алуан түрлілігін көрсету.Көрмеде көркемдік және тарихи мәні жоғары, текстурасы, жасалу техникасымен және көркем ою-өрнек түрлерімен ерекшеленетін, дәстүрлі тоқыма өнерін айқын сипаттайтын қазақ кілемдері, сондай-ақ шағын тоқыма бұйымдары ерекше орын алады. Аталмыш бұйымдардың даярлау техникасы, композиция мен безендірілуі әр алуан. Сондай-ақ, жалпы қазақ дәстүрлі өнерінің көптеген түрлерін ашып көрсететін ою-өрнектерге ерекше мән берілген. Жалпы Орталық музей қорында кілем, яғни "түкті кілем", "тықыр кілем" (түксіз кілем) деген түрлерін, тоқыма және киіз бұйымдарын қамтитын коллекциясы 1760 сақтам бірлікті құрайды.
Көрмеде қазақ кілемдердің ерекше бір түрі – "арабы кілем". "Арабы кілем" – тақыр кілемдердің ішінде өзінің тоқылу техникасы жағынан да, композициясы мен иконографиясы тұрғысынан да ерекшеленеді. Оның композициясы ою-өрнек терілген бірнеше көлденең жолдардан тұрады. Арабы кілемді тоқуда ою-өрнектерін "орама теру", ал өрнексіз ашық тұстарын "терме теру" тәсілдерін қатар қолданылуымен ерекшеленеді. Яғни, "арабы кілем" бойында терілген ою-өрнектердің оның үстіңгі және астыңғы беттеріне бірдей түседі.
Музейдегі Республика күніне арналған келесі шара 19-қазан күні ашылған"Жібек жолындағы Қазақстан" көрмесі. Ғасырлар бойы Шығыс пен Батысты байланыстырған "Жібек жолы" сауда жолы ғана емес, әртүрлі өркениеттер арасындағы мәдени көпір болды. Бұл процесте өнер мен мәдениет маңызды рөл атқарды. Ал қазіргі заманғы суретшілер мен мәдени қызметкерлер әртүрлі іс-шаралар арқылы Жібек жолының рухын жандандыруға тырысуда.Бүгінде суретшілер өнер және мәдениет саласындағы халықаралық қатынастарының дамуына өз үлестерін қосып келеді. Көрмеде Қазақстан мен Оңтүстік Корея, Жапония, Қырғызстан, Өзбекстан және АҚШ-тан бейнелеу өнері суретшілерінің 100-ден астам жұмыстары ұсынылды. ҚР орталық музейі барлық келушілерді көрмемен танысуға шақырады. Айта кетейін, көрме2-қарашаға дейін өз жұмысын жалғастырады.
ҚР Мемлекеттік орталық музейібүгінгі таңда республика мәдениетіне қандай үлес қосуда?
Жоғарыда атап өткендей, Орталық музей өзінің негізгі қызметі ретінде материалдық құндылықтарды жинақтай отырып, оларды дәріптеу мақсатында көрмелер мен түрлі мәдени іс-шаралар өткізіп отырады. Көрмелер музейде ғана емес, сонымен қатар жылжымалы көрме ретінде Алматы қаласы аумағында, республика шегінде және шетелдерге де шығады. Мәселен, биыл көшпелі көрмелер Ақтөбе, Шымкент қалаларында және Әзербайжан, Өзбекстан республикаларында ұйымдастырылып, оң бағаалғанын жоғарыда айттық.
Орталық музейдің республикалықдеңгейдегі көрмелері туралы да айта отырсаңыз?
Биыл жылы15 наурыз бен 12 сәуір аралығында "Бабадан қалған аманат" республикалық жылжымалы көрмесін Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде ұйымдастырдық. Көрме қазақ халқының мәдени ерекшеліктерін паш ететін ең құнды бұйымдарымен, қазақ халқының мәдениетін көрсете отырып, ұлттық сананың, таным-білімнің, дүниетанымының, ұлттық болмысын көрсетіп, ортақ құндылықтарды дамытуға, елдік рухты арттыруға бағытталды. Көрмеге қойылған аса құнды көне жәдігерлер қатарында Баймұхамед Айшуақов сұлтанның мұрағы (XIXғ. басы), Жаяу Мұсаның қобыз, домбыра және скрипкасы, Шоқан Уәлихановтың бөркі (XIX ғ. екінші жартысы), Ә.Жангелдиннің шекпені, қазақтың дүлдүл әншісі Әміре Қашаубайұлы, ақын Манарбек Ержанов, ғалым, қазақтың тұңғыш академигі Қ.Сәтбаевтің домбыралары және т.б коллекцияларыболды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына жолдауында: "Үкімет жасанды интеллектіні дамыту ісіне баса назар аударуға тиіс. Әлемде алдағы бірнеше жылда осы салаға бір триллион доллардан астам инвестиция салынады деген болжам бар. Жасанды интеллект оны дамыта білген елдердің ішкі жалпы өніміне айтарлықтай үлес қосуы мүмкін" деген болатын. Осыған орай, ҚР мемлекеттік орталық музейі "Жасанды ителект: суретші немесе машина" көрмесін өткізді. Бұл – 2023 жылы Алматыда ұйымдастырылған заманауи инновациялық озық көрмелердің бірі. Мұндағы көрермен назарына ұсынылған жұмыстардың барлығы жасанды интеллекттің туындылары. Өнерсүйер қауым табиғат, мифология, тарих, архитектура және тағы да басқа өмірлік мәні бар салаларды қамтитын 10 түрлі санатқа бөлінген 120-дан астам суретті тамашалай алады. Көрме 30-шы қарашаға дейін жалғаспақ.
Орталық музей көрмеден басқа қандай қызметтер атқарады?
Орталық музей санымен қатар ғылыми зерттеулермен айналысуға баса назар аударады. Мәселен, музейде қазірде археология бөлімі, антропология және этнология бөлімі, музейлік деректану және қолжазба бөлімі, Қазақстан тарихын зерттеу бөлімі жұмыс істейді.
Биылғы жылы археология бөлімі екі ғылыми экспедиция ұйымдастырып, зерттеу жұмыстарын жүргізіп қайтты.2023 жылдың 26 тамызы мен 14 қыркүйегі аралығында Алматы облысы Райымбек ауданы Көмірші ауылының солтүстігіндегі обаларға археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Экспедицияға Төрежанова Н.Ж. (экспедиция жетекшісі), Мякишева О.А. (археология бөлімінің аға ғылыми қызметкері), Ілиясов Н. (бас суретші), Балмағамбет С. (археология бөлімінің аға ғылыми қызметкері), Мәлік Н. (біліктілігі жоғары деңгейдегі қор қамқоршысы)қатысты.Көмірші шатқалының кіре берісінде тізбектеле орналасқан қорғандардың ішінен екі қорған қазылып, қыш ыдыстар, астық үккіштің сынығы, жиегі өңделген тас дискі және мыс кені, қызыл моншақ, ортасында тесігі бар тас диск,адам сүйектері табылды. Көміршідегі №1 қорғанынан табылған ыдыстарБ.з.б. ІІІ ғасырға жататын Жетісудағы ерте темір дәуірінің ескерткіштерімен сәйкес келеді.Сонымен, бұйымдарының ерекшеліктерін сараптай келе, ескерткішті шамамен б.з.б. ІІІ – б.з. ІІ ғасырларына жатқызуға болады.Археология бөлімінің қызметкерлері қазылған қорғандарға Көмірші ауылының жоғары сынып оқушыларына экскурсия ұйымдастырып, мектепте дәріс оқыды.
Сонымен қатар, ҚР МОМ Эрмитажбен (Ресей Федерациясы) жасасқан келісімшарт негізінде бірлесіп "Ежелгі және ерте орта ғасырдағы урбанизацияның даму процесінің бастамасы" мәселелерін ғылыми тұрғыдан зерттеу мақсатында жұмыс атқарады.Осы мақсатта 2015 жылдан бері Жамбыл облысының Байзақ ауданы, Жаңатұрмыс елді мекені жанындағы Бақатөбе ескерткішіне археологиялық зерттеулер жұмысы жүргізіліп келеді. Ол екі қабатты төбе тәрізді, төбенің орта тұсының биіктігі 5 м, пішіні төрт бұрышты қоршаумен қоршалған, өлшемі 110х110 м., сақталған қоршаудың биіктігі 2 м.
Бүгінгі күнге дейін ескерткіштің 6 орнында қазба жұмыстары жүргізілді. Бұл жүргізілген жұмыстардың мақсаты – бекіністің сыртқы қабырғаларын, олардың құрылысын және мүмкіндігінше олардың графикалық құрылысын зерттеу.
2023 жылы Бақа төбе ескерткішінің солтүстік-батыс бөлігінде 300 шаршы метрде қазба жұмыстары жүргізілді. Қазба төмен қарай шамамен 1,5 метр тереңдікке дейін қазылып, ежелгі архитектуралық құрылымдар толық сақталған орны белгілі болды.
Археологиялық қазба жұмыстары негізінде Бақа төбе ескерткішіндегі бекіністіңекі ерекше элементі белгілі болды, ол сыртқы дуал мен орталық құрылыс (донжон) қалдықтары. Бұл архитектуралық құрылыстың Талас өзені аңғарының оңтүстігінде орналасқан Оңтүстік Қазақстан, Ферғана, Соғды және басқа да өңірлердің бекіністерімен ұқсастықтары бар.
Бақа төбе ескерткішінен қышбұйымдар:тостағандар, сапты аяқтар және кішкене әсемделген асханалық құмыралардың бөліктері табылды. Сондай-ақ, б.з. II-III ғғ. басынатән қалың ыдыстардың сынықтары бар.Олардың сыртқы беті метал құралмен бедерленген. Қыш бұйымдарАрыс, Жетіасар, Отырар-Қауыншы мәдениетіне тән шеберлердіңжұмысына өте жақын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина