- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұлттық қорға жармаса...
Ұлттық қорға жармаса беруді доғару қажет - Мемлекет басшысы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте ұлттық қор мәселесін көтерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ұлттық қорға жармаса беруді доғару қажет. Мен бұл туралы осыған дейін де талай рет айттым.
Ұлттық қор - болашақ ұрпақтың қаржысы. Біз оның ресурстарын қажет кезде, дағдарыс кезінде ғана пайдалануымыз керек. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік институтын және жан басына қаржыландыруды, әсіресе әлеуметтік инфрақұрылымға инвестиция тартуды толық пайдалану керек.
Былтыр желтоқсанда мен МЖӘ жаңа моделін енгізуге бағытталған заңнамалық түзетулерге қол қойдым. Жеке серіктестерді таңдауда ашықтықты қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданып, квазимемлекеттік кәсіпорындардың қатысуы шектелген.
Осылайша, бизнесті мемлекеттік жобаларды жүзеге асыруға тартуға жағдай жасалды. Бұл құралды жаңа ұлттық жобаларды жүзеге асыруда барынша пайдалану керек. Үкіметке әлеуметтік саладағы МЖӘ кешенді бағдарламасын дайындауды тапсырамын", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек